Павлодар облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2024 жылдың басынан бері барлық азық-түлік тауарларының барлық тізбегіне баға белгілеу бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның 42 отырысына қатысты. Осы комиссия аясында 43 өнімсіз делдал анықталды, сондай-ақ электрондық шот-фактураларды талдау нәтижесінде СЗПТ-ге сауда үстемесін асырған кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды.
Павлодар облысының Экономикалық тергеу департаментімен бірлескен жұмыс нәтижесінде 100-ден астам мекемеде ӘМАТ тауарларын сатуда заң бұзған кәсіпкер анықталды. Павлодар облысының Экономикалық тергеу департаментінен келіп түскен хат негізінде, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бірнеше мекемеде СЗПТ бағасының негізсіз өсу фактілерін анықтады.
Анықталғандай, бұл ЖШС өңірдің көптеген мекемелеріне негізгі тауар жеткізушісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағына сәйкес, ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін өндіруші бағасынан немесе көтерме жеткізушінің келісімшарттағы сатып алу бағасынан 15%-дан аспайтын мөлшерде белгілейді.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4-бабына сәйкес, ішкі сауда субъектісінің заңнаманы бұзып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырған жағдайда алғашында ескерту беріледі. Ал оқиға 1 жыл ішінде қайталанар болса шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 75, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Мекемелермен жасалған келісім-шарттарда ӘМАТ тауарлары бағасының айырмашылығы:
Қабылданған шаралар нәтижесінде бұл ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған ескерту берілді. Қазіргі уақытта ӘМАТ тауарларын жеткізу жөніндегі келісім-шарттар төмендетілген бағамен қайта жасалуда.
Егер тұтынушы осындай жағдайға тап болса, Павлодар облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне мына мекенжай бойынша жүгінуіне болады: Павлодар қаласы, Генерал Дюсенов көшесі, 9 немесе E-otinish.gov.kz электронды платформасы, E-tutynushy.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі немесе 8(7182)551070 нөмірі бойынша сенім телефонына хабарласуға болады.