
Павлодар облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2024 жылғы жұмысын қорытындылап, негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізді.
Өтініштерді талдау
2024 жылдың басынан бері департаментке азаматтардан 1469 өтініш түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп (923 өтініш). Бұл көрсеткіш департаменттің түсіндіру жұмыстарының және тұтынушылық мәдениеттің артуымен байланысты. Барлық өтініштердің шамамен 49%-ы бөлшек саудаға қатысты.
Сауда саласындағы мемлекеттік бақылау
Өтініштерді талдау нәтижесінде департамент 2024 жылы 135 тексеріс жүргізді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 114,3%-ға артып, 63 тексерістен 72-ге көбейді. Олардың ішінде:
Тексерістер мен басқа мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер негізінде сауда саласында 160 заң бұзушылық анықталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 263,6%-ға көп. Нәтижесінде 145 сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ 15 бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Мемлекеттік қолдау және нарықтарды модернизациялау
Сауда және интеграция министрлігі бастамашылық еткен мемлекеттік қолдау аясында сауда алаңдарының, жұмыс орындарының және тауар айналымының үлесі өседі деп күтілуде. Павлодар облысындағы сауда саласына биыл құйылған жалпы инвестициялар 48 миллиард теңгеден асады. Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында сауда нарықтарын модернизациялау үшін қаржыландыру көзделген. 2024 жылы облыс бойынша бірнеше базар тексеріліп, олардың алтауы республикалық модернизациялау Жол картасына енгізілді. Модернизация жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Республикалық комиссияның жұмысы
Департамент азық-түлік тауарларының барлық тізбегіне баға белгілеу бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік 42 комиссия отырысына белсене қатысты, оның барысында өнімсіз делдалдар мен сауда ережелерін бұзатын кәсіпкерлер анықталды. Экономикалық тергеу департаментімен бірге жүргізілген жұмыстың нәтижесінде облыс бойынша 100-ден астам кәсіпорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асыра белгілеген кәсіпкер анықталды. 7 тауар түрі 100-350% үстемемен сатылған. Осы жұмыс нәтижесінде кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жеткізу келісімшарттарын қайта қарап, сауда үстемесін 15%-ға дейін төмендетті.