
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы Азамат Каримовтың бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысы қызметіне Елшібеков Еркін Кеңесбекұлы тағайындалды.
Еркін Елшібеков 1970 жылы дүниеге келген. 1997 жылы Оңтүстік-Қазақстан техникалық университетін "өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс" мамандығы бойынша, 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын "қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген.
01.1993-01.1997 - "Қазпастбище" ПСЭО жанындағы "Алтын-Дан МП" директоры,
01.1998 - 06.2000 - ҚАЗАГРОПОЛИС БНАЖ брокерлерімен жұмыс жөніндегі менеджер,
06.2000-03.2001 - ОҚО бойынша сақтандыру бюросы директорының орынбасары,"Алма-АСКО РС"ӨК жақ,
06.2001 - 02.2005 - Шымкент қаласы бойынша Салық комитетінің маман-салық инспекторы, салық инспекторы,
02.2005 - 09.2006 - ОҚО бойынша Салық комитетінің жетекші маманы, бас маманы,
09.2006-08.2008 - Шымкент қаласы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы,
08.2008 - 11.2009 - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бас маманы,
11.2009 - 09.2011 - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Абай ауданы бойынша салық басқармасының бөлім бастығы,
09.2018-11.2018 - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы,
11.2018-12.2023 - Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары,
12.2023 - осы уақытқа дейін - Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.