Оралда 28 желтоқсанға дейін апта сайын жәрмеңке өтеді

Оралда 28 желтоқсанға дейін апта сайын жәрмеңке өтеді

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында биылғы жылғы шілде айынан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жәрмеңкелері жергілікті атқарушы органның жетекшілігімен апта сайын өтіп келеді.Жәрмеңкелер ішкі сауда ережелеріне сәйкес жүргізілуде. Осы ереженің 166-тармағына сәйкес, жәрмеңкедегі көрнекі орындар жергілікті шаруаларға берілді.

Жәрмеңкеде көкөністер мен жемістер, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, балық және басқа да тауарлар ұсынылды. Сиыр және құс еті, сүт өнімдері негізінен фермерлік шаруашылық иелері облыстық әкімдік бекіткен кестеге сай жеткізеді.  Қала тұрғындарына жергілікті табиғи өнім қолжетімді бағада ұсынылып келеді.  

Жәрмеңкеде сатушылар бағаны жергілікті билік  ұсынған деңгейде сақтауы керек. Мысалы, сиыр еті мен қой етінің 1 келісі 2000 теңге, жылқы еті 2200 теңгеден саудаланса, С1 санатындағы жұмыртқаның 10 данасы 500 теңгеден аспайды. Ал картоптың шекті бағасы 230 теңге.
Сауда заңнамасына сәйкес, сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін әр тауардың жанында анық жазылған баға белгілеулерін орналастырылуы керек.

Жәрмеңкелерге қатысу - батысқазақстандықтар үшін  жаз бойы үй ауласында өсірген өнімдерін сатуға үлкен мүмкіндік.  Мұндай өнімдер қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие.
Әрбір жәрмеңкеде кәсіпкерлер мен тауар өндірушілердің тауарларды сату кезінде барлық талаптарды орындауын қадағалайтын мониторинг тобы жұмыс істейді.
Ауылшаруашылық жәрмеңкелері Оралда  биылғы жылдың 28 желтоқсанына дейін өтеді.