
2024 жылғы 22-23 қазанда жұмыс сапары аясында Сауда Комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков жаңғыртудан өтіп жатқан Алматы қаласының әмбебап базарларына барды. Олардың қатарында "Кенжехан-1", "Кенжехан-2", "Сауран", "Тигрохауд", "Сары-Арқа" базарлары бар. Сауда базарларын модернизациялау инфрақұрылымды жақсартуға, сатушылар мен сатып алушылар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жобаларды іске асыру шеңберінде сауда павильондарын салу, қолданыстағы павильондарға күрделі жөндеу жасалады, сауда алаңдары кеңейтіліп, қауіпсіздік пен санитарлық нормалардың жаңа стандарттары енгізіледі.
Сауда Комитетінің төрағасы сауда базарларын жаңғыртуға арналған Жол картасында белгіленген уақыт шеңберінде жұмысты үйлестіруге баса назар аударды. Ол белгіленген мерзімде алға қойылған мақсаттарға жету үшін осы процеске қатысатын барлық ұйымның күш-жігерін үйлестіру мен өзара іс-қимылдың маңызды екен атап өтті.
"Қаладағы сауда базарларын жаңғырту жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр деп айта алмаймын. Жергілікті атқарушы орган тиісті жәрдем көрсетпей отыр. Алайда құрылыс жұмыстары жеделдетіліп, уақытында аяқталуы керек. Бұл үшін жаңғыртудан өтіп жатқан сауда субъектілеріне жергілікті мемлекеттік атқарушы билік органдары тарапынан барынша қолдау көрсету қажет", - деп атап өтті Айдар Әбілдабеков.
Сауда базарларын уақтылы жаңғырту - басым міндет. Бұл жұмыс замануи сауда форматының үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта заманауи сауда форматының үлесі 31% құрайды. Бұл көрсеткішті 2029 жылға дейін 70% - ға дейін жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ базарларды жаңғырту көлеңкелі сауданың үлесін азайтуға мүмкіндік береді.