Қазақстанда азық-түлік тауары бағасының өсуі ЕАЭО елдерімен салыстырғанда төмен

Қазақстанда азық-түлік тауары бағасының өсуі  ЕАЭО елдерімен салыстырғанда  төмен

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметінше 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Армениядан кейін азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны төмен  екінші ел болып отыр. Қазақстанда бұл көрсеткіш 2,9%, Ресейде  4,5%, Беларусияда 3,7% құрады.

 

Қыркүйек айында Қазақстанда жылдық инфляция 8,3% - ға дейін баяулады, азық-түлік бағасының өсу қарқыны жыл басынан 5,1% - ға дейін төмендеді. 9 айдың қорытындысы бойынша азық-түлік бағасы тамыз айымен салыстырғанда тұрақты. Осы аралықта 7 тауар индексінің төмендедің. Оның ішінде сәбіз, күріш, жұмыртқа, қырыққабат, қарақұмық, күнбағыс майы және ұн бар.

Бағаны тұрақтандыру үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі түрлі қолдау шараларын іске асырды. Мәселен:

- ӘМАТ тізіміндегі отандық өндірісті қаржыландыруға басымдық беру;

- маусымаралық кезеңдегі тауарлық интервенциялар;

- шекті сауда үстемесіне мемлекеттік бақылау жүргізу;

-  делдалдарды жою үшін баға тізбегін талдауды күшейту;

-  сауда мен инфрақұрылымның заманауи форматтарын дамыту.

Жыл басынан бері СИМ аумақтық департаменттері сауда үстемесін асырғаны үшін 4014 әкімшілік қаулы шығарды.Оның  667 айыппұл және 3,3 мыңнан астамы ескерту. Айыппұлдың жалпы сомасы 25 млн. теңге. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қаулылар саны 4 есе өскен, бұл министрлік тарапынан бақылаудың күшейгенін көрсетеді.

Сауда заңнамасын бұзғандарды анықтаудың маңызды құралы -  электронды шот-фактураларды (ЭШФ) талдау. Тек жарты жылдың ішінде азық-түлік тауарларын жеткізудің 8,9 мың тізбегі талданып, сауда заңнамасын бұзудың 3 мыңнан астам тәуекелі анықталды.

ӘҚБтК-ге сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жазаларды қатаңдату жөнінде түзетулер әзірленді. Атап айтқанда, бірінші рет заң  бұзғаны үшін ескерту берілетін болса, оны субъективтілікке қарай 5-тен 150 АЕК-ке дейінгі айыппұлға ауыстыру ұсынылады.

Жергілікті жерлерде делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялар белсенді жұмыс істеп жатыр. Жыл басынан бері комиссиялардың 1169 отырысы өтіп, 3,2 мыңнан астам нәтижесіз делдалдық және сауда үстемесінің асып кету фактілері анықталды. Сонымен қатар кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кешенді жұмыстың нәтижесінде  сауда сөрелеріндегі ӘМАТ бағасының 5-тен 30% - ға дейін төмендегенін байқаймыз.

Отандық өндірушілерді қолдау және ішкі нарықтағы бағаларды тұрақтандыру мақсатында автокөлікпен жұмыртқа импортын 6 айға шектеу қосымша енгізілді.

Жұмыртқа бағасының өсуіне жол бермеу үшін СИМ мен Қазақстанның Құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы арасында биылғы жылдың соңына дейін жұмыртқа бағасының жоғарғы шегін белгілеу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Өз кезегінде отандық жұмыртқа өндірушілерді қолдау мақсатында биылғы жылдың 1 мамырынан бастап 6 ай мерзімге автокөлікпен жұмыртқа әкелуге  шектеу енгізілді.

Ішкі нарықты қорғау мақсатында, Ресей тарапынан қант экспортына енгізілген шектеу шараларына байланысты биылғы жылғы 14 маусым мен 31 тамыз аралығында ҚР аумағынан ЕАЭО-ға қатысушы елдерге және үшінші елдерге қант экспортына тыйым салынды.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының сауда желілері одағымен» сауда желілері сөрелеріндегі отандық тауарлардың үлесін ұлғайтуға және отандық өндірісті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған бірлескен шараларды қабылдау жөнінде меморандумға қол қойылды.