Павлодарда мемлекеттік қолдау шаралары насихатталды

Павлодарда мемлекеттік қолдау шаралары насихатталды

Павлодар облысы бойынша ҚР СИМ Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Даулен  Қабдушев облыс кәсіпкерлерімен кездесті. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен басқосуған  қала-аудан әкімдіктерінің, «Даму» өңірлік филиалының және «Атамекен» ӨКП-ның өкілдері қатысты.

Елдегі заманауи сауда форматын ұлғайту мақсатында атқарылып жатқан базарларды жаңғырту жұмыстары талқыланып, осыған бағытталған мемлекеттік қолдаудың негізгі шаралары көрсетілген жадынамалар таратылды.

Сауда базарын модернизациядан өткізуге, кеңейту, құрылысын жүргізуге арналған мемлекеттік қолдау шарасы 2 тәсіл арқылы көрсетіледі:

  - пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;

  - несиеге кепіл болу.

 Сондай-ақ, Павлодар облысындағы сауда нысандарының жай-күйі,  және стационарлық/стационарлық емес сауда объектілерінің пайдалану көрсеткіштерін талаптар мен технологияларға сәйкестендіру   туралы сұрақтар талқыланды. Сауда базарларын жаңғырту жұмыстары келер жылдың соңына дейін жүргізіледі. Павлодарда 2025 жылы 6 сауда базары модернизациядан өтеді деп жоспарланған.