Жетісуда сауда қағидалары мен мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды

Жетісуда сауда қағидалары мен мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды

Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары өңірлік кәсіпкерлік палатасы алаңында өткен салалық сауда кеңесіне қатысты.  Кеңеске  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Halyk банк және облыс кәсіпкерлері қатысты. Жиында департамент басшысы ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары,  отандық тауарларды сауда сөрелерімен қамту тақырыбына тоқталды.  

Департамент басшысы Айдос Дауешев ішкі сауда қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы баяндап, кәсіпкерлерге жаңа талаптарды түсіндірді:

«Жаңартылған ішкі сауда ережесіне сәйкес отандық тауарларды орналастыру орындарын арнайы белгімен немесе «Қазақстанда жасалған» деген жазумен белгілеу қажет. Кросс-мерчендайзинг пайдалана отырып, сұранысы жоғары өнімдердің қатарына «Қазақстанда жасалған» деген жазуы бар жергілікті тауарларды орналастыру керек. Отандық тауар сауда желісінде көрнекі жерге, сатып алушының «көз деңгейінде» орналастыруы қажет», - деді Айдос Дауешов. Айта кету керек, сауда ережесінде сауда алаңының немесе сауда сөресінің 30 пайызы отандық азық-түлік өнімдерінің үлесіне берілуі қажет деген норма көзделген.

 

 Одан бөлек жетісулық кәсіпкерлерге сауда базарларын модернизациялау, кеңейту, реконструкциялау, үй жанынан дүкен салу үшін көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тетіктері түсіндірілді. Департамент мамандары кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.