Қостанайда тауарды 2 мың теңгеге қымбат сатқан

Қостанайда тауарды 2 мың теңгеге қымбат сатқан

ҚР СИМ Қостанай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұрақты түрде әлеуметтік желіге мониторинг жүргізеді. Масс-медиа мониторингінің нәтижелері бойынша әртүрлі бағалардың қолданылуы туралы хабарлама табылды.  Облыстың ірі супермаркеттерінің бірі 1 қазанында 6 888 тг/кг бағамен «Чечил» ірімшігін сатқан, ал баға белгісінде тауар бағасы 4 440 тг/кг деп көрсетілген.

Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады, соның негізінде  супермаркет ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тауардың бағасы сауда объектісінің ішкі, сыртқы витриналарына қойылған бағадан қымбат болғаны үшін 55 380 теңге сомасына айыппұл салынды.