Сауда комитетінің ережесіне өзгерістер енеді

Сауда комитетінің ережесіне өзгерістер енеді

Сауда комитеті Ашық НҚА порталына «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бұйрық жобасын жариялады.

 Бұл өзгерістер 2024 жылғы 6 сәуірде қол қойылған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға және Үкіметтің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 599 қаулысына сәйкестендіру  үшін қажет. Аталған заңнамалық актілер "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңға өзгерістер енгізеді, сәйкесінше ҚР СИМ Сауда Комитетінің ережесіне түзетулер енгізуді талап етеді.

Түзетулердің нәтижесінде Сауда комитеті бірнеше жаңа өкілетке ие болады. Жаңа толықтыруға сәйкес Сауда комитеті:

  • шекті сауда үстемесін қолдану тәртібін айқындайды;
  • өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тәртібін бекітеді және ішкі сауда субъектілеріне қолдау көрсетеді және тағы басқалары.

Министрліктің бұйрық  жобасын талқылау «Ашық НҚА» порталында 2024 жылдың 5 қыркүйегіне дейін жалғасады.