Павлодарда ӘМАТ-қа сауда үстемесін арттырғаны үшін сауда желісіне 1,1 млн теңге айыппұл салынды

Павлодарда ӘМАТ-қа сауда үстемесін арттырғаны үшін сауда желісіне 1,1 млн теңге айыппұл салынды

Сауда комитетінің аумақтық департаменттері ҚР сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) 15% -дық сауда үстемесінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

ӘМАТ тізбесіне: бірінші сортты бидай ұны; бірінші сортты ұнынан жасалған бидай наны (пішінді); рожки (өлшеніп салынатын); қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын); тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын); картоп; асханалық сәбіз; басты пияз; ақ қауданды қырыққабат; ақ қант - құмшекер; күнбағыс майы; сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі); тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік); пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптадама; майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптадама; сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толтырғыштарсыз және өсімдік майлары жоқ); тауық жұмыртқасы (І санатты); ас тұзы («Экстра»-дан басқа); сүзбе: майлылығы 5 - 9%. 

Жоғарыда көрсетілген тауарларға сауда үстемесінің мөлшерінен асып кету ескерту жасауға әкеп соғады. Жыл бойы қайталап бұзу - субъектінің санатына қарай 10-300 АЕК мөлшерінде айыппұл салу.

Жоспардан тыс тексеру барысында Павлодар облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Павлодардағы ірі сауда желісіне 1 107 600 теңге немесе ӘМАТ-қа сауда үстемесін қайта арттырғаны үшін 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Жоспардан тыс тексерулер сондай-ақ чектегі және сөрелердегі бағалардың сәйкессіздігін анықтаған азаматтар жүгінгеннен кейін немесе сөреде баға болмаған жағдайда жүргізіледі.

Мұндай бұзушылықтар анықталған жағдайда ген. Дүйсенова 9 көшесі 3 қабат, 304 каб. мекенжайы бойынша Павлодар облысының тұрғындары Департаментке жүгіне алады немесе «жедел желі» - 551070 телефоны бойынша кеңес алуға болады. Өтініштер сондай-ақ Е-өтініш, Е-тұтынушы және @kzpp_bot Telegram-арнасы арқылы қабылданады.