Сауда және интеграция министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі бағаларға мониторинг жүргізуде

Сауда және интеграция министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі бағаларға мониторинг жүргізуде

Министрлік су тасқынынан зардап шеккен облыстарда азық-түлік тауарларымен, оның ішінде ӘМАТ-пен қамтамасыз ету жағдайын бақылауда.

Алдын ала деректер бойынша су басқан өңірлерде 80 сауда нысаны зардап шекті (Павлодар облысында - 1, Қостанай облысында - 22, Ақтөбе облысында - 9, Атырау облысында - 35, Батыс Қазақстан облысында - 13 нысан). Залал сомасы нақтылануда. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Министрлік ірі сауда желілерімен бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі және зардап шеккен өңірлерде азық-түлік тауарларын жеткізудегі іркілістер туралы уақтылы хабарлау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Бағаның өсу фактілері анықталған жағдайда 8 (7172) 74-37-35 нөмірі бойынша, тауарлар тапшы болған жағдайда 8 (7172) 74-39-34 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.