Тауар биржасы тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды сақтауы тиіс

Тауар биржасы тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды сақтауы тиіс

2023 жылдың тамызында электрондық сауда жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын қосымша талаптары күшіне енді.

Атап айтқанда, тауар биржасы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек. Деректердің таралып кетуіне жол бермей, сынақтардың оң нәтижесі бар актісінің болуын және басқа да талаптардың сақталуын қаматамыз етуі тиіс.Тауар биржаларының міндетті талаптарға сай келмейтін электрондық сауда жүйелерін пайдалануына жол берілмейді.

СИМ тауар биржаларының міндетті талаптарды сақтауын бағалау барысында олардың кейбірінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалмау фактілерін анықтады.

Тауар биржаларына қатысты осы фактілер бойынша тиісті материалдар, оның ішінде құжаттарды ұсынбаған: («Жібекжолы»тауарбиржасы» АҚ, «Акцепт «тауарбиржасы» АҚ, «AlmatyCommodityExchangeтауарбиржасы»АҚ,«ModernTradingSolutions» тауарбиржасы» АҚ,«Эстау»тауарбиржасы» АҚ, «Астана»тауарбиржасы« АҚ) құзыреті бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберілді.