Сауда комитетінің төрағасы сауда желілерімен Наурыз күнін мерекелеудің жаңа тұжырымдамасын талқылады

Сауда комитетінің төрағасы сауда желілерімен Наурыз күнін мерекелеудің жаңа тұжырымдамасын талқылады

Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ірі сауда желілерінің өкілдерімен Наурыз күнін мерекелеудің жаңа тұжырымдамасын талқылады. Кездесуге «ҚР сауда желілері одағы» ЗТБ және «ҚР сауда кәсіпорындары қауымдастығы», Small, Анвар, Дана, Toimart желілерінің, Greenwich интернет-дүкенінің басшылары қатысты.

Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, Қазақстанда 14-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамы өтіледі. Бұл күндері жалпыреспубликалық іс-шаралар, фестивальдар мен жәрмеңкелер өтеді.

Осы әр күн қазақстандықтар ерекше мәнге ие, оның ішінде қайырымдылық пен мейірімділікті ілгерілетуге бағытталған болмақ. Осыған байланысты сауда желілеріне 10 күндік «Наурыз-базарлық» акциясын өткізу және жеңілдіктерді қарастыру ұсынылды.