«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысын орындау үшін «ҰАТ» АҚ-ның Қазақстан Республикасындағы UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жөніндегі жұмыс жоспары дайындалды.
Жоғарыда баяндалған жұмыстарды жүргізу уақытында «Е-лицензиялау «Мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесін қоса алғанда, барлық ақпараттық жүйелер тоқтатылады.
Осыған байланысты, 2024 жылғы 1 наурызда сағ. 09:00-ге дейін «Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру» мемлекеттік қызметі уақытша қолжетімсіз болады.