
Жамбыл облысы бойынша Департаменті Қордай ауданы Отар ауылының дүкендерінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жоспардан тыс тексеру барысында «Шұғыла Алматы» ЖШС-де «Шұғыла» дүкені «Арал» тұзын 68 теңге/кг-ға сатып алғаны, ал 06.02.2024 жылғы түсініктемеге сәйкес 26,4% сауда үстемесімен 86 теңге/кг-ға сатылғаны анықталды. Қарақұмықтың 1 кг 230 теңгеге сатып алынды, 06.02.2024 жылғы түсініктемеге сәйкес 19,5% сауда үстемесімен 275 теңгеге сатылды. Сондай-ақ, сәбіз 200 теңге/кг сатып алынды, ал 06.02.2024 жылғы түсініктемеге сәйкес 30% сауда үстемесімен 260 теңге/кг сатылды. Осылайша, кәсіпкер «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабын бұзған.
«Осыған орай, аталған «Шұғыла Алматы» ЖШС - ға тұз бағасына сауда үстемесін 26,4%, қарақұмық бағасына сауда үстемесін 19,5% және сәбіз бағасын 30% асырғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 204-4- бабына сәйкес ескерту берілді», - деп хабарлады Сауда департаментінде және тұтынушылардың құқықтарын қорғау.