Тараз қаласының сауда желілерінде ӘМАТ бағасына мониторинг жүргізілді

Тараз қаласының сауда желілерінде ӘМАТ бағасына мониторинг жүргізілді

Жамбыл облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері Тараз қаласының сауда желілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізіп, «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының талаптары бойынша құқықтық түсіндірулер жүргізді.

Мониторинг әлеуметтік қауіпсіздікті сақтау мақсатында жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуі анықталған жағдайда тұрғындар Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне осы телефон арқылы хабарласа алады: 8 (7262) 53 20 53.