Абай облысында Өңірлік комиссияның 2023 жылдың қорытындысына арналған отырысы өтті

Абай облысында Өңірлік комиссияның 2023 жылдың қорытындысына арналған отырысы өтті

Абай облысы әкімінің орынбасары Ә. Мусабаевтың төрағалығымен Өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тақырыбында бірінші сұрақ «Өңірлік комиссияның 2023 жылғы атқарған жұмыстары жайлы» болды. Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сагидолдин өткен жылға қорытынды жасап, нәтижелермен және алдағы жылға жоспарларымен бөлісті.

2023 жылы Өңірлік комиссияның 103 отырысы өткен.

«Абай өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрінің 13-і өз облысымызда өндіріледі. Облыста ауылшаруашылығымен бірге бірқатар өндіруші орындар бар. Қала логистикалық жағынан тиімді орналасқан», - деп атап өтті А.Сагидолдин.

Алдағы уақытта баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Комиссия мүшелерінің, қала және аудан әкімдіктерінің біріккен тиімді іс-әрекеті қажет екендігі аталып өтті.

2023 жылы Департаментпен 40 жоспардан тыс тексерулер тағайындалып,    30 заң бұзушылық анықталып, кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде Семей қаласында 23, Курчатов қаласында 3, Бородулиха ауданында 2  және 1 реттен Аягөз, Үржар аудандарына шығу арқылы тексеру жүргізілді. Жауапкершілікке тартылған 30 кәсіпкер кіналарын мойындады, азық-түлік бағасы төмен түсірді.

2024 жылы қала және аудан әкімдіктерімен кәсіпкерлер арасында азық-түлік бағасына үстемебағаны 15 пайыздан асырмау жөнінде меморандумдарға отыруды жалғастыру тапсырылды.

Азық-түлік бағасының тұрақтылығы мемлекеттік деңгейдегі саясаттың негізгі бағыттарының бірі екендігін ескере отырып, барлық Комиссия мүшелері, әкімдіктер жүйелі жұмысты жалғастыру қажет екендігі аталып, тапсырмалар берілді.