
Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков Шымкентте жұмыс сапарымен болып, «Жаңа шахар», «Барыс», «Пионер», «Алаш», «Жібек жолы», «Қапланбек», «Дархан», «Назым апа» және «Жанұя» сауда базарларының басшыларымен кездесті.
Кейбір сауда нысандарының әкімшіліктерін аралау кезінде стихиялық сауданың бар екендігі және кассалық аппараттардың жоқтығы туралы ескертулер жасалды. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тапсырмалар берілді. Сауда комитетінің басшысы базарларға қойылатын талаптар, сауда алаңдарын жабдықтау мен жарақтандыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.