Шымкент базарларын модернизациясын Сауда Комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков тексерді

Шымкент базарларын модернизациясын Сауда Комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков тексерді

Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков бастаған жұмыс тобы жаңғыртудың Жол картасына енген бірқатар сауда базарларында болды.

Сауда комитетінің басшысы базарлар қызметін ұйымдастыру ережелерінің сақталуын, базарларға қойылатын талаптар, сауда алаңдарын жабдықтауын және жарақтандыруын, қойылатын талаптарды тексерді. Кейбір базарларда стихиялық сауда орындары байқалды, осыған байланысты базар әкімшіліктеріне ескертулер жасалды, сондай-ақ осы фактілерді жою жөнінде тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Шымкентте «Автонұр», «Орталық жоғарғы базар», «Алаш» және «Самал» сияқты 4 ірі базарды жаңғырту жоспарланып отыр. Сауда және интеграция министрлігі ақпараттық жүйені іске қосады, ол нарықтарда бейнекамераларды орнату арқылы нақты уақытта жаңғырту барысын бақылауға мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын Айдар Әбілдабеков Шымкент қаласының журналистері алдында сөз сөйлеп, Сауда комитетінің атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді, сондай-ақ сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың Шымкентке жұмыс сапары барысында азаматтарды жеке қабылдауға және кәсіпкерлермен кездесуге қатысты.