
Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Кабдушев Даулен Данатович Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасымен, Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасымен және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлесіп базарлардың, сауда желілерінің басшыларымен және азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілермен кеңес өткізді.
Кеңес барысында Сауда қызметін реттеу туралы қолданыстағы заңнаманың нормалары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін сақтамағаны үшін және құны жапсырмамен рәсімделген бағадан асатын тауарды өткізгені үшін жауапкершілік бөлігінде түсіндірілді.
Кеңес қорытындысы бойынша заңнама нормаларын сақтау және мереке алдындағы және мереке күндері азық-түлік тауарларының бағасын көтермеу туралы келісімге қол жеткізілді.