
Қостанай облысы бойынша ҚР СИМ сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2023 жылы 7 желтоқсанда сауда желілерінің, өндірушілердің және мемлекеттік органдардың өкілдерімен басқа елдердің бәсекелес тауарлары арасында жергілікті тауар өндірушілер шығаратын өнімді өткізу жөніндегі проблемалық мәселелерін шешу мақсатында, сондай-ақ сауда желілеріне қолжетімділікке қатысты диалог алаңы форматында отырыс өткізді.
Отырысқа ҚР ДСМ Қостанай облысы бойынша санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы, «Атамекен» Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы, ет комбинатының («Жас-Қанат БПФ» ЖШС, «Poultry-Agro» ЖШС) және шұжық өнімдерінің («Аян Озат» ЖШС) отандық тауар өндірушілері және сауда желілерінің өкілдері (Солнечный, Астықжан, Меркурий) қатысты.
Отырыс барысында шикізаттың, атап айтқанда, 2023 жылдың қазан айынан бастап Ресей Федерациясынан әкелуге тыйым салынғандықтан шошқа етінің болмауына байланысты, сондай-ақ әкелінетін азық-түлік өнімдеріне сынама алу бойынша Ресей Федерациясына экспорттау кезіндегі талаптар бойынша жергілікті тауар өндірушілердің проблемалық мәселелері айтылды. Сонымен қатар, өнімді көрші елден Қазақстан Республикасына әкелу кезінде сәйкестік сертификаттары жеткілікті.
Бұдан басқа, диалог алаңында «Астықжан-Қостанай», «Солнечный», «Меркурий» сауда желілерінің өкілдері тыңдалып, өндірушілер мен сауда желілері арасындағы өзара ынтымақтастық кезінде проблемалық мәселелер жоқ деген ортақ пікірге келді. Сонымен қатар, жергілікті тауар өндірушілер талқыланған сұрақтар бойынша өз ұсыныстарын жазбаша жолдауға ниет білдірді.