
Тараз қаласының тұрғыны арызы негізінде Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жоспардан тыс тексеру барысында ЖК, дүкенінде тұздың - 1 кг 75 теңгеге сатып алынып, 1 кг - 100 теңгеге 33% сауда үстемесімен сатылғандығы 16 желтоқсан 2023 жылдағы түсініктемеге сәйкес анықталды бұл «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабын бұзу болып табылады.
Осыған орай, аталған ЖК-ге күнбағыс майының және тұз бағасына сауда үстемесін 15% асырғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 204-4- бабына сәйкес ескерту берілді.