ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Құс өсірушілер одағы және Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы бірлесіп меморандумға қол қойды

ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Құс өсірушілер одағы және Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы бірлесіп меморандумға қол қойды

ҚР Сауда және интеграция министрлігіжыл соңына дейін С1 санатындағы жұмыртқа бағасын тұрақтандыру бойынша Қазақстан құс өсірушілер одағымен және Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Бұл келісім маусымдық қымбаттау кезеңінде жұмыртқа бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік беретінболады

Жасалған меморандум аясында одақ пен қауымдастық отандық құс фабрикаларыменбірлесеотырып 1-санаттағы жұмыртқалардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарынамереке қарсаңында бағаның күрт және негізсіз өсуін болдырмаужөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. 

Өз кезегінде ҚРСауда және интеграция министрлігікәсіпорындарындағы сауда үстемесінің сақталу мәніне күнделікті баға мониторингін жүргізетін болады