Тараз қаласындағы дүкенге жоспардан тыс тексеру жүргізілді

Тараз қаласындағы дүкенге жоспардан тыс тексеру жүргізілді

Тараз қаласының тұрғыны арызы негізінде Жамбыл облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Жоспардан тыс тексеру барысында  «Алғыс»  дүкенінде «Турчева Оксано Николаевна» ЖК  тұз -  1 кг - 74 теңгеге сатып алынып, тұз -  1 кг - 90 теңгеге 21,6 % сауда үстемесімен  сатылғандығы 15.11.2023 жылдағы түсініктемеге сәйкес анықталды,  бұл «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабын бұзу болып табылады.

Осыған орай, аталған магазинге сауда үстемесін 15% асырғаны үшін ескерту берілді.