Өңірлік комиссия жұмысының кезекті отырысы

Өңірлік комиссия жұмысының кезекті отырысы

Шымкент қаласы әкімі аппаратының ғимаратында Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азық-түлік тауарларының баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерімен бірлескен кезекті отырыс өткізді. Сауда субъектілеріне қатысты электрондық шоттарынының фактуралардың түсіру және жүргізілетін талдаулар бойынша жұмыстың тиімділігі сияқты мәселелер талқыланды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 204-4-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту, ішкі сауда субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінен асырғаны үшін.

Сонымен қатар, әлеуметтік белсенді тұрғындардың қала аудандарында орналасқан сауда нысандарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемеақысынан аспау мәселелері талқыланды.