
28 және 29 қазанда Астанада Ақмола облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі, Тұран даңғылы 48 мекен-жайында, «Астана Арена» стадионының жанындағы алаңда өтеді.
Жәрмеңкеге 100 Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Елорда қонақтары мен тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады:
- Ет және шұжық өнімдері - 100 тонна;
- Картоп пен көкөністер - 50 тонна;
- Сүт өнімдері - 20 тонна;
- Жұмыртқа - 400 мың дана.;
- Балық - 2 тонна;
- Ұн және макарон - 25 тонна.
Жәрмеңке өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде нарықтық бағадан төмен болады. Өнімнің жалпы көлемі 300 тоннадан асады.
Ауыл шаруашылығы өнімі бар автокеруеннің Астанаға шығуы 27 қазанда жоспарлануда.
Елордада қорытынды жәрмеңке 4-5 қарашада Қарағанды және Ұлытау облыстарының аграршыларының қатысуымен өтеді.