
Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2023 жылдың қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін жеке және заңды тұлғалардың 2141 өтінішін қарады және тұтынушыларға 106,0 млн. теңге қайтарылды.
Әсіресе, бөлшек саудаға (автомобильдер, тұрмыстық техника, компьютер және т.б.) және қоғамдық тамақтануға шағымдар көп.
2023 жылғы 26 қазанда Шымкент қаласындағы «Аманат» партиясының ғимаратында «Сапалы Өнім» көпшілік тұжырымдамасы бойынша брифинг өтті.
«Сапалы өнім» жария тұжырымдамасын іске қосу ұсынылады. Ол үшін заңнамалық құралдар мен тетіктердің базалық жиынтығы бар.
Атап айтқанда, қолданыстағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң қоғамдық бірлестіктерге:
- тауардың тұтынушылық қасиеттерін зерттеу;
- тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге бастамашылық ету;
- өнімнің сапасы туралы қоғамдық пікірді анықтау үшін халыққа сауалнама жүргізу;
- тауар сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгінуге;
- тұтынушылардың мүддесі үшін сотқа талап қоюға;
- өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты тарату.
Бұдан басқа, аталған функционалды іске асыру кезінде қоғам өкілдері тауар өткізу орындарына барған кезде жасалатын барлық іс-әрекеттердің фото-, аудио-, бейнетіркеуін қолдануға құқылы.
Сондықтан біз тұтынушылар мен қоғамдық институттарды сапалы және қауіпсіз өнімге деген өз құқықтарын жоғары жариялауға шақырамыз. Бұл өркениетті нарықтық қарым-қатынастарды құрудағы басты, маңызды сәтке айналады.