
Ағымдағы жылдың 24 қазанда Сауда және интеграция министрлігінің Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ж.А. Ахметов және «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арасында ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.
Меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңының 7-бабына сәйкес өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды мониторингілеу және тұрақтандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды талдау, қала халқын қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін өзара ынтымақтастық механизмін құру болып табылады.