
Жамбыл облысы бойынша баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік органдар өкілдерінің және Жамбыл облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ж.Талиповтың қатысуымен облыс әкімдігінде комиссия отырысы өтті.
Аталған комиссия отырысында «Атыгаева Б.А.» жеке кәсіпкерлігінің өкілі қатысып, кәсіпкерге ҚР Заңының 9-бабына сәйкес өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (1 санатты тауық жұмыртқасына) сауда үстемесінің 15%-дан жоғары болуына жол бермеу екендігі түсіндірід.
Шекті сауда үстемесінің жол берілетін мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының 15% аспайды. ӘМАТ-на сауда үстемесінен асып кеткен жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4-бабына сәйкес жауапкершілік көзделгендігі айтылды.
Сонымен қатар, кәсіпкерлігінің өкілі арадағы артық делдалсыз ірі сауда желілерімен тікелей жеткізу бойынша келісім-шарт жасау ұсынылды.