
2023 жылғы 18 қазанда Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «О.Сейдалиев атындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестігінің өкілімен және «Тұтынушылардың бақылауы» қоғамдық бірлестігінің 19 қазанымен өзара іс-қимыл шеңберінде қоғамдық қабылдаулар өткізді. Қабылдауға 10 - тұтынушы қатысты. Тұтынушылар сапасыз тауарды сатып алу, сапасыз тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту мәселелерін көтерді. Барлық қойылған сұрақтарға ҚР «Тұтынушылардың құқытарын қорғау туралы» Заңының нормалары түсіндіріле отырып, тиісті жауаптар берілді. Қоғамдық қабылдау барысында 6 тұтынушыға наразылық хатын жазуға Заң көмегі көрсетілді.
Орындаушы: Бас маман Нұрғали Айбол Аманжолұлы