Шымкент қаласының департаментінде Ашық есік күні өтті

Шымкент қаласының департаментінде Ашық есік күні өтті

Халықты ақпараттандыру мақсатында 2023 жылдың 17 қазанында Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде «Ашық есік күні» өткізілді.

Департаментке кеңес алу үшін 8 адам жүгінді. Барлық өтініш білдірген тұтынушыларға олардың құқықтары түсіндірілді және бұзылған құқықтарды қорғау бойынша одан әрі іс-қимылдарға нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, мамандар іс-шараға қатысушыларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жаңа заң жобасының негізгі постулаттарымен таныстырды, қойылған сұрақтарға жауап берілді, 6 тұтынушыларға шағым жазуға көмек көрсетілді. Тұтынушылар сапасыз тауарды сатып алу, сатушылармен ақша айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту мәселелерін көтерді.