Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстеме ақы мөлшерін есептеу кезіндегі кәсіпкерлік субьектілердің (сатушылардың) жауаптылығы!

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстеме ақы мөлшерін есептеу кезіндегі кәсіпкерлік субьектілердің (сатушылардың) жауаптылығы!

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі – ӘМАТ) қандай тауарлар жатады?

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабына тауарларының тізбесі  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі 2023 жылғы 11 мамырдағы №166-НҚ бұйрығымен бекітілген. Оларға: бірінші сортты бидай ұны, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын),  қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), картоп, асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат, ақ қант – құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйекті жауырын – төс бөлігі), тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада, майлылығы 2,5%, айран, жұмсақ қаптамада, сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), тауық жұмыртқасы (І санатты), ас тұзы («Экстра»-дан басқа), сүзбе, майлылығы 5-9% жатады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшері (пайызы) қанша болуға тиіс?

Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының      9-бабына сәйкес Ішкі сауда субъектісі бірнеше өндірушілерден немесе көтерме сауда жеткізушілерінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары болған жағдайда өндірушінің босату бағасының немесе құны неғұрлым төмен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына көтерме сауда жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын жеткізу шартында.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан асқан жағдайда сатушыға (кәсіпкерлік субьектісіне) қандай шара қолданылады?

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабына сәйкес ішкі сауда субьектісінің сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ӘМАТ-қа сауда үстемесінің мөлшерін асыруы – ескерту жасауға әкеп соғады, бір жыл ішінде қайталап асырып жібергені үшін – шағын кәсіпкерлік субьектілеріне 10 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субьектілеріне – 75 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін қандай ақпарат көздерінен көруге болады және шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінен асқан жағдайда сатушыға (кәсіпкерлік субьектісіне) қандай шара қолданылады?

1. «Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 болып тіркелген) сәйкес бекітілген қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде енгізіледі.

2. Шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінен асқан жағдайда сатушыға (кәсіпкерлік субьектісіне) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 202-бабына сәйкес ішкі сауда субьектісінің сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Сауда базары әкімшісінің сауда базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің назарына жазбаша нысанда жеткізбеуі ескерту жасауға алып келеді, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Мысал: «Б» есімді азамат дүкенге кіріп 10 дана І саннаттағы жұмыртқа алады, сатушы 10 дана жұмыртқаға 790 теңге төлеуін айтады. Б есімді азамат таңырқаулы күйде жұмыртқаның ақшасын төлеп чекті қоса беруін және І санаттағы жұмыртқаның бағасы неге басқа дүкендермен  салыстырғанда жоғары екенін сұрайды. Сұрағына толық жауап ала алмаған тұтынушы осы өңірдегі уәкілетті органға арыздануға құқылы.

Уәкілетті орган заң талаптарына, тұтынушының арызының негізіне сәйкес кәсіпкерлік субьектіні тексеру нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған болса ескерту түріндегі әкімшілік жаза, ал 1 жыл ішінде қайталанып бұзылғандығы анықталлынса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы, ішкі сауда субьектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сауда мөлшерін арттыруы 10 АЕК мөлшерінде (34 500 тг) айыппұл салынады.

Құрметті Тұтынушы, Сізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының тұрақтануының себепкерісіз!! Өз құқықтарыңызды қорғай біліңіз!