
ҚР СИМ Қостанай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қазан айының басынан бастап "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағын бұзғаны үшін (сауда үстемесін асырғаны үшін) 2 сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Біреуі ескерту түрінде, екіншісі жыл ішінде қайталап жасағаны үшін қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 17 250 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Сонымен, Департамент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендетті: жұмыртқа С1 52 тг / дана 47 тг/дана дейін немесе 10,6% , тауық еті (жамбас) 1711 тг/кг-нан 1552 тг/кг дейін немесе 10,2%.
Департамент әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына сауда үстемесінің заңнамада белгіленген мөлшерден асып кетуіне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыруда.