
Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «Дани-Нан» ЖШС-і, «Grain House 555» ЖШС-і, « Grain Products» ЖШС-і, «Алтын-Дан» ЖШС-лар сияқты ірі ұн тарту кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу- дөңгелек үстел өткізіліп ұнның қымбаттауы және осы үрдіске әсер еткен факторлар талқыланды.
Ұн өндірушілердің айтуынша, ұнның күрт қымбаттауы солтүстік өңірлерде сатып алынатын қымбат шикізатқа (бидай) байланысты.
Осыған байланысты Департамент және Шымкент қаласы бойынша «баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиямен» бірлесіп, бекітілген алгоритм шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендету, оның ішінде ұн бағасын төмендету бойынша жұмыстар жүргізуде.