
Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өңірлік комиссияның ағымдағы жылғы 29 қыркүйек күні кезекті отырысында халық арасында ұн мен қант сияқты тауарларға бағаның күрт көтерілуіне байланысты дүрбелең туғызбау сияқты өзекті мәселелерді қарады.
Осыған байланысты, отырысқа «PIONEER Grain Products» ЖШС, «Дани-Нан» ЖШС, «Алтын-Дан» ЖШС, «TURAR (TURAR)» ЖШС, «DOS» ЖШС және т.б. ұн өндірушілердің өкілдері шақырылды. Ұн мен қант сататын ірі дистрибьюторлық компаниялар – «КаИс Инвест» ЖШС (Ас-Ан қант орталығы өкілдігі), «Meir-Trade Distribution Company» ЖШС, «Оңтүстік Қант» ЖШС, ЖК «Сидельников Вячеслав Александрович» сондай-ақ, «Барыс» базары, «Жібек жолы» базары, «Айна» базары және т.б. сауда субъектілерінің өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысында аталған бизнес өкілдерімен әңгімелесу өткізіліп, барлық құзыретті органдарға негізсіз баға белгілеуге жол бермеу туралы тиісті тапсырмалар берілді.
Өңірлік комиссияның бұрын жүргізген жұмысының нәтижелері бойынша қазіргі уақытта ұн бағасының орта есеппен 21%, қант бағасының орта есеппен 6% төмендеуі байқалады.
Бұдан басқа, аудан әкімдіктеріне есеп беретін аумақта мобильді топтар құру және сауда субъектілерімен (үйдегі дүкендер, сауда орталықтары және т.б.) сауда үстемесін 15% -дан аспау туралы меморандумдар жасасу бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.