Өңірлік комиссияның отырысы

Өңірлік комиссияның отырысы

Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Кәрімовтің төрағалығымен өткен комиссияның 27.09.2023 жылғы кезектен тыс отырысында халық арасында ұн мен қант сияқты ӘМАТ бағасының күрт көтерілуіне байланысты дүрбелең туғызбау сияқты өзекті мәселелерді қарады.

Отырысқа ұн өндірушілердің өкілдері (ұн тарту диірмендері), қаланың көтерме-бөлшек сауда базарларының өкілдері және басқа да ірі сауда субъектілері және «Шымкент» ӘКК АҚ-ы қатысты. Негізсіз баға белгілеуге жол бермеуге бағытталған шаралар талқыланып, тиісті іс-шараларды өткізу үшін барлық құзыретті органдарға және  ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне тапсырмалар берілді.  Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.