Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Біріңғай есеп күнінде қатысты

Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Біріңғай есеп күнінде қатысты

Бүгін Астана қаласының әкімдігінде, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.О.Бекмурзаевтың төрағалығымен бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қауымдастықтың алдындағы Бірыңғай есеп күні өтті.
Астана қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Егембердиев Нұрғали Қуандықұлы ағымдағы жылдың 1 қаңтардан бастап 1 тамызға дейін жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен бөлісті.
Сонымен қатар кеңеске онлайн режимде қатысып отырған кәсіпкерлік субъектілерінің сұрақтарына уәкілетті органдар басшылары толық көлемде жауап айтып сауатты кеңестер берді.
Іс-шара кәсіпкерлерді мемлекеттің бақылау және қадағалау функцияларымен таныстырып, кәсіпкерлік субъектілер мен ұйымдардың қауіпсіз қызметі туралы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілді.