
2023 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті және Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының базасында жақын шет елдер тарапынан өнімді демпингтеу, сапасыз өнімді әкелу, сондай-ақ облыстың сауда объектілеріне жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеушілердің қол жеткізу мәселелері жөнінде кеңес ұйымдастырды.
Отырысқа Павлодар облысының ірі өндірушілері мен қайта өңдеушілері, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті, Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы, " Павлодар облысы "САВАР" тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы.
Отырыс барысында өнімге қойылатын талаптар айтылды, сапасыз тауар сатылған жағдайда іс-қимыл алгоритмі жеткізілді, сауда желілері мен ірі сауда объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелерінде заңнамалық талаптар айтылды, өндірушілер мен қайта өңдеушілердің бар проблемалары тыңдалды.