
Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті комиссияның ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте кезекті отырысында ұн мен қант сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының күрт көтерілуіне байланысты халық арасында дүрбелең туғызбау сияқты өзекті мәселелерді қарады.
Комиссия мүшелері 23 сентября қаланың барлық базарлары, қоймалар, сауда желілері және үйдің жанындағы дүкендер бойынша баға мониторингін жүргізіліп, сонымен қатар, өңірлік комиссиясымен жергілікті БАҚ (Оңтүстік ТВ және Отырар ТВ) тартылып, қалада ұн мен қанттың жетіспеушілігі туралы дәйексіз ақпаратты жоққа шығарды.
Одан басқа, комиссия әлеуметтік маңызы бар тауарларды сату кезінде сауда үстемесінің артуын алгоритмге сәйкес анықтау үшін әрі пысықтау үшін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне электрондық шот фактуралардың, бақылау-касса машиналарының фискалдық деректер есептерін түсіру және комиссиямен осы бағытта жұмыстарды жандандыруы тапсырылды.