
Шымкент қаласының «Атамекен» ҰКП өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен брифинг өткізілді.
Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілдеріне Отандық өнімді қолдау мақсатында дүкен сөрелерінде Отандық өнім 30%-дан кем болмауы және дүкен сөрелерінің көрінетін орындарында тұру керектігі айтылып өтілді
Департамент басшысы Н.Тулеев брифингке қатысушыларды тұтынушылардың электрондық сауда саласындағы құқықтарының бұзылуының соңғы кезде жиілеп кеткендігі туралы хабардар етті. Сондай-ақ «Тұтынушылардың шағымдарын қарау тәртібі» және «e-tutynushy.kz» бірыңғай ақпараттық жүйесі туралы талқыланды. Брифинг қатысушыларға «e-tutynushy.kz» бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалану мен тіркеудің артықшылықтары мен қолайлықтары туралы жеткізілді.