
14 қыркүйекте Риддерде Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті кәсіпкерлермен сауда мәселелерін түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Кездесуге Риддер қалалық мәслихатының хатшысы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, «Атамекен» ҰКП өкілі қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға Департаменттің сауда, нарықтарды, базарларды жаңғырту, «Қазақстанда жасалған» жол картасы саласындағы негізгі міндеттері және Smart QR қосылуының артықшылықтары туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, сауда мекемелерінің басшыларымен сауда үстемесін 15% - дан асырмай, ӘМАТ тауарларын сату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру қорытындысы бойынша бизнес өкілдеріне қолданыстағы заңнама шеңберінде сауда үстемесін ескере отырып, ӘМАТ-тың қолданыстағы бағаларын төмендету мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Қазіргі уақытта қала аумағында келесі бағамен өнімдер сатылады - сұйық май - 620 тг, сүт 2,5% - 350 тг, жұмыртқа - 460 тг, картоп - 160 тг.