
Өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы өңірлерден тауар өндірушілердің қатысуымен Астана қаласында жалғасуда. Жәрмеңке әр сенбі мен жексенбіде қазан қыркүйек соңына дейін өтеді.
Барлық өнімдер нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатылатын болады.
2023 жылғы 16 және 17 қыркүйекте өз өнімдерін Қызылорда облысынан аграршылар әкеледі.
Жәрмеңке Тәуелсіздік даңғылы, 50-де «Шабыт» өнер университетінің алдындағы алаңда сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.
Сондай-ақ, жәрмеңке қонақтарына Қызылорда облысының мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.