Сауда саласы бойынша

Сауда саласы бойынша

Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті (бұдан әрі-департамент) өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша заңсыз бағаны көтеру фактілерімен күресу жұмыстарын атқаруда.

Атап айтқанда  жыл басынан бері 26 тексеріс жүргізді, оның ішінде: 15 кәсіпкерлікке ескерту беріліп бұзушылықтар жойылды, 2 айыппұл салынды, 3 жұмыс барысында. Қалған 9-де бұзушылық фактілері анықталмады.

Оның ішінде ірі сауда желілері «Вкусная корзинка» ЖШС сауда желісіне тауық жұмыртқасының (бес кара) үстеме бағасын 16,9 % асырғаны үшін  әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша ескерту беріліп бұзушылықтар жойылды.

Сонымен қатар, «Вкусная корзинка» ЖШС-не витриналарында қойылған, құны бағалар жапсырмасымен ресімделген бағадан асырып сатылған Ушасти Нянь ұнтағы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша  айыппұл салынды.

Сондай – ақ, шағын сауда желілері бойынша «DADA» супермаркетіне, (ИП ОМИНА) Минимаркетіне, «Halyk» дүкеніне, «Юбилейный» супермаркетіне, (ИП ЧЖАН), Азық-түлік дүкеніне, «Барчиной» азық-түлік дүкеніне, ЖК «Лесняк»-қа, ЖК «Байлық-2014»-қа, ЖК «Ядгаров» азық-түлік дүкеніне, «Санабар» шағынмаркетіне, «Магнит» азық-түлік дүкеніне, «У Дяди Вити» дүкеніне, «Берекет» дүкеніне әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша ескерту беріліп бұзушылықтар жойылды.

Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылындағы «МЕР» азық-түлік дүкеніне пияз бағасына үстемеақыны 18,7% асырғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық кодексі бойынша айыппұл салынды.

Департамент облыс бойынша азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және заңсыздықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде.