Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы талқылау бойынша «Ayan consulting» ЖШС заңгерлік қызмет көрсету өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы талқылау бойынша «Ayan consulting» ЖШС заңгерлік қызмет көрсету  өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Шымкент қаласының  сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы 2023 жылғы 05 қыркүйегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс - шараға Шымкент қаласының «Ayan consulting» заңгерлік қызмет көрсету серіктестігінің  өкілі, сондай-ақ Департамент мамандары қатысты.

Кездесуді Департамент басшысы Н.А. Тулеев ашты, ол «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының  негізгі аспектілерін атап өтті, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын үстемесін 15% асырмауына, дүкендерде «Тұтынушылардың бұрыштары» туралы мәселелері талқыланды.