Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Ұлытау облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бастығы Уандиков Арлен Эрикович Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған жиынға Ұлытау облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті және Ұлытау облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігі қатысты.

Жиын барысында спикер Сыбайлас жемқорлық туралы видеороликтер көрсетіп, лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы, заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау, мемлекеттік қызметшілердің 250.00 және 270.00 нысанды салық есептілігін тапсыру кезінде кешіктіріп немесе ақпараттар қате жазылған уақыттағы кездесетін заң бұзушылықтар жөнінде ақпараттармен таныстырды.

Қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелін алдын-алу мақсатында сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық толық жауап алды.