
Мемлекет басшысы «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауында Қазақстан халқына жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірізділігін таныстырып, алдағы кезеңге арналған жоспарларды дәйекті түрде айқындады.
«АӨК дамуын Елеулі тежейтін артық бағаны реттеу мәселесін шешу маңызды. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы неғұрлым белсенді тұрақтандырушы рөл атқаруы керек. Қажет болса, ол интервенцияларды жүзеге асырады, осылайша бағаның өсуін тежейді. Азық-түлік корпорациясы Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және өткізудің толыққанды желісін құруда жеке нарыққа жәрдемдесуге тиіс.»- деді Мемлекет басшысы.
Сала мамандары Президенттің Жолдауын мұқият тыңдап, айтылған ұсыныстар мен тапсырмаларды, Жолдауда көтерілген мәселелердің өзектілігін терең түсініп, оны шешу жөнінде шаралар ұсынған мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді.