Баға өсімін реттеу шаралары – қоғамдық қауіпсіздік факторы

Баға өсімін реттеу шаралары – қоғамдық қауіпсіздік факторы

Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстелде ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков негізгі азық-түлік жиынтығының халыққа қолжетімділігін сақтау мақсатында бағаны реттеу тетіктері туралы мәлімдеді.

Сауда комитеті өткен жылдың қаңтар айында СИМ құрылымында негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаның бақылаусыз өсуіне жол бермеу мақсатында бағаларды мониторингілеу және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін құрылды.

Комитеттің іс-әрекеті негізінен ішкі нарықта негізгі өнімдер тапшылығын болдырмауға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.

Комитет артық делдалдарды анықтау және жою мақсатында баға белгілеу тізбектеріне тұрақты негізде талдау жүргізеді; жылыжайлардың үздіксіз жұмыс істеуі, күріш сатып алу, пияз, картоп, ерте көкөністердің резервтік қорларын құру мәселелері бойынша өңірлерге тұрақты жұмыс сапарларымен барады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу үшін 17 іс-шарадан тұратын жол картасы бекітілді, ол, атап айтқанда, көкөніс сақтау қоймалары бойынша деректерді тексеру мен өзектендіруді; басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесіне ерте көкөністерді енгізуді; ВАК хаттамалық шешімі қабылданғаннан кейін бірден фитосанитариялық сертификаттар беруге тыйым салу туралы НҚА-ға өзгерістер енгізуді; сауданың жаңа форматтарын дамыту мен басқалары.

Бұл шаралар қазақстандықтардың негізгі азық – түлік себетін бүкіл тізбек бойынша - өрістен бастап сақтауға, сауда желілеріне жеткізуге және түпкілікті тұтынушыға сатуға дейінгі тізбекті бақылауды жолға қоюға және тауар балансын құруға мүмкіндік берді, бұл ретте бірінші қажеттіліктегі өнімдермен қамтамасыз ету ішкі нарықты қорғау жөнінде жедел шешім қабылдауға мүмкіндік беретін толық ашық процесс болып табылады.

Сауда комитеті бүкіл ел бойынша сауда нүктелеріндегі кассалық аппараттардың бір үлгіде болуын қамтамасыз етуді қолға алуда. Комитет төрағасының айтуынша, қазір чектер мен тауарлардың атаулары әр түрлі жазылады. "Сіздер дүкендерге барасыз, қолға берген чекте баға бар екенін көресіз, ол сауда желісінің атауымен белгіленеді. Ең қызығы, әр сауда желісінде атаулар әртүрлі. Біреуде "сүт", біреуде "29% сүтті", біреулері "сүт" деп жазса, басқалары "млк" немесе "мол"деп жаза салады. Фискалдық деректер операторларында басылған кассалық чектер, біз оларды скринингтен өткіземіз, көреміз, бірақ барлығын айқын көре алмаймыз. Барлық сауда нүктелерінде бірыңғай стандарттар, бірыңғай кассалық чек болуы үшін жұмыс істейміз. Содан кейін барып, бағаның өсімін, я болмаса төмендеудің барлық динамикасын электронды түрде көреміз", - деп атап өтті Айдар Әбілдабеков.