
Ағымдағы жылдың 24 тамызда «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің» (Бұдан әрі – Сауда Комитеті) төрағасы А.Әбілдабеков бастаған жұмысшы топ: Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің (Бұдан әрі – Департамент) басшысы Н.Төлеев, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Азимбердиев және Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшы орынбасары Қ.Базарбековпен Шымкент қаласындағы «Самал» және «Айна» сауда базарларында аралау жұмыстары өткізілді.
Аралау барысында, 2023 жылдың 30 наурызда бекіткен «Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі «Жол картасына» сәйкес сауда базарларын жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстарымен танысып, өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Сауда Комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков «Самал» және «Айна» базарларында жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеуді және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін хабарламалармен рұқсаттарды алу үшін Кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық даму басқармасы жәрдемдесуіне тапсырма берілді.
Сонымен қатар, сауда базар әкімшілігіне «Жол картасының» 1.5 тармағын, яғни «Салық кодексінің 75-1-бабына сәйкес бақылау-касса машиналары тікелей орналасқан жерлерде сатушылардың салық төлеушінің паспортын орналастыру мәселесін және Smart QR платформасына тіркелу қажеттігі айтылды.
Сауда базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасымен танысып, сауда үстемесінің мөлшерін 15% - дан арттырмау керектігі айтылды.
Бұдан бөлек, Айдар Әбілдабеков Шымкент қаласының ірі гипермаркетінде «GraMaD» сауда желісінің директорымен кездесіп, дүкендегі әлеуметтік маңызы бар бағамен танысты. Отандық өндіріс тауарларын көрнекі және қолжетімді жерлерде орналастыруға мәселелері талқыланды. Қорытындылай келе, жеткізуші мен сатып алушы арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бірнеше өндірушіден немесе көтерме сауда арқылы берушіден болған жағдайда, неғұрлым төмен құны бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін көрсете отырып, шартта міндетті түрде тармақты енгізу қажеттігі және осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болатыны атап өтілді.