Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы А.Әбілдабековтің Шымкент қаласына жұмыс сапары.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы А.Әбілдабековтің Шымкент қаласына жұмыс сапары.

Ағымдағы жылдың 24 тамызда Шымкент қаласының әкімдігінде «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің» (Бұдан әрі – Сауда Комитеті) төрағасы А.Әбілдабеков бастаған жұмысшы топ: Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің (Бұдан әрі – Департамент) басшысы Н.Төлеев, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Азимбердиев, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшы орынбасары Қ.Базарбеков және сауда базарларының өкілдерімен өндірістік жиналыс өткізілді.

Жиналысқа қатысушылар сауда базарларды жаңғыртуға қатысты мәселелерді, сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды сақтау қажеттілігі туралы жаңалықтар талқыланды.